19:23, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
«Союз ТМА-18» ғарыш кемесін Қазақстанда қондыру бір күнге шегерілді
АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін Ресей Федералды Ғарыш агенттігінің басшысы Анатолий Перминов БАҚ үшін мәлімдеме жасады.
Ресейғарыштың бастығы хабарлағандай, «Союз ТМА-18» ғарыш кемесінің бүгінге жоспарланған қону жайы Халықаралық ғарыш стансысындағы техникалық себептерге байланысты сенбі, қыркүйектің 25-іне ысырылып отыр.
А.Перминовтың айтуынша, ғарышкерлер Александр Скворцов пен Михаил Корниенко және NASA астронавты Трейси Колдвелл-Дайсон халықаралық ғарыш стансысына қайта оралды. «Союз ТМА-18» кемесінің халықаралық ғарыш стансысынан ажырау уақыты бүгінгі брифингте нақтыланған жоқ.