«Союз ТМА-18» кемесінің ХҒС-пен түйісуін тікелей эфирде көрсетеді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 10.37-де Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылған «Союз-ТМА-18М» басқарылатын ғарыш кемесі қазіргі уақытта 2 тәуліктік схема бойынша ХҒС-қа жақындап қалды, деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметі.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше бортында Роскосмос ғарышкері Сергей Волков, ЕҒА астронавты Андреас Могенсен (Дания) мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесінің жолына 1989 жылы ұшырылған жапон зымыран тасығышының фрагменті кез болған.

Соқтығысуды болдырмай, траекторияны дәл анықтау және бүгінгі ХҒС-пен түйісу мүмкіндігін жасау үшін ресейлік ҰБО баллистиктері мен олардың америкалық әріптестері - НАСА мамандары бірлескен жұмысы жүргізілді.

Маневр Мәскеу уақыты бойынша сағат 08:40-та жүргізілді, Мәскеу уақыты бойынша сағат 11:30-11:40-та нысандарды қауіпсіз ажырату жұмыстары ұйымдастырылды.

«Союз-ТМА-18М» кемесінің ХҚС-қа штатты ұшырылымы жалғасуда, деп атап өтеді баспасөз қызметі.

«Союз-ТМА-18М» кемесінің ХҒС-пен түйісуі бүгін, 4 қыркүйекте, Астана уақыты бойынша сағат 13.35-те орын алуы тиіс.

Оны Роскосмос сайтының тікелей эфирінен (https://www.federalspace.ru/316/) және РОССИЯ-24 телеарнасынан бақылауға болады.

Соңғы жаңалықтар