«Союз ТМА-18» кемесінің негізгі және қосалқы экипаждары Байқоңырға келді
АСТАНА. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Жексенбі, наурыздың 21-і күні Байқоңырға шамалы уақыт айырмашылығымен екі Ту-134 ұшағы келіп қонды. Алғашқы ұшақпен «Союз ТМА-18» кемесінің негізгі экипажы келсе, екінші ұшақпен - қосалқы экипаж келді.
Бұл туралы «Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Байқоңыр тұрғындары экипаждарды нан-тұзбен қарсы алды.
«Союз ТМА-18» кемесінің негізгі экипажына ресейлік ғарышкерлер - экипаж командирі Александр Сквовцов пен бортинженер Михаил Корниенко, сондай-ақ американдық астронавт, бортинженер Трейси Калдвелл кіріп отыр. Олардың қосалқы экипажына ресейлік ғарышкерлер - экипаж командирі Александр Самокутяев пен бортинженер Андрей Борисенко, сондай-ақ НАСА астронавты, бортинженер Скотт Келли кіреді.
Кезекті экспедиция экипажының Халықаралық ғарыш стансысына сапары сәуірдің 2-сіне жоспарланған.