«Союз ТМА-19» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажырады
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - «Союз ТМА-19» басқару ғарыш кемесі бүгін 04:23-те Халықаралық ғарыш стансасынан ажырап, автономды ұшу режиміне көшті, деп хабарлайды Ұшуларды басқару орталығының баспасөз қызметі.
Ғарыш кемесі Қазақстандағы Арқалық қаласының солтүстігінен 83 шақырым жерге 07:47-де келіп қонуы керек.
2010 жылғы 18 маусым күні ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен түйіскен еді.
Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажыраған соң экспедиция нөмірі 25-тен 26-ға ауысуы керек.