«Союз ТМА-21» ғарыш кемесінің сапары техникалық себептер бойынша кейінге қалдырылды
БАЙҚОҢЫР. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Союз ТМА-21» ғарыш кемесінің 30 наурызға жоспарланған сапары кейінге қалдырылды.
«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметін Федералдық ғарыш агенттігінің 14 наурызда болған алқа отырысының қорытындысы бойынша осындай хабарлама жасады.
Ұшыру кешендерінің сынақ жөніндегі техникалық басшылығының баяндамасында атап көрсетілгендей, «Союз ТМА-21» кемесінің жүйесінен ақау анықталып отыр. Атап айтқанда, «Квант-В» байланыс және коммутация блогында пайдаланылатын конденсатор істен шыққан. Осыған байланысты, 30 наурызға жоспарланған ұшу сапарын кейінге ысыру туралы шешім қабылданды.