"Союз ТМА-М" ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшырылды

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - "Союз ТМА-М" ғарыш кемесі Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансысына ұшырылды. ХҒС атанған кезекті экспедицияның құрамында Ресей ғарышкерлері Александр Калери мен Олег Скрипочка, сондай-ақ, NASA астронавты Скотт Келли бар, - деп хабарлайды РБК.

"Союз ТМА-М" ғарыш кемесі Байқоңырдан ұшырылды

Ғарыш кемесінің экипажы ХҒС-та бес ай уақыт өткізеді деп жоспарланған. Ғарышкерлерге ғарышты бағындыру тарихында соңғы екі "Шатлды", сондай-ақ, 4 жүк кемесін қабылдау міндеті тұр. Сонымен қатар олар бірнеше рет қатарынан ашық кеңістікке шығатын болады. "Союза ТМА-М" бортында тұңғыш рет сандық басқару жүйесі орнатылған.