«Союз ТМА-М» кемесінің экипажы Жерге оралуда
БАЙҚОҢЫР. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Ресейлік ғарышкерлер Александр Калери мен Олег Скрипочка және олардың американдық әріптестері НАСА астронавты Скотт Келли бүгін ұзақмерзімдік ғарыш экспедициясына Жерге оралады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылатын кезекті кеменің сапары кейінге қалдырылғанына қарамастан, «Союз ТМА-М» экипажы жоспарланғандай бүгін, сәрсенбі күні Жерге оралады", - деп хабарлады «Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Союз ТМА-М» кемесі Мәскеу уақыты бойынша сағат 11.00-лерде Арқалықтың солтүстігіне қарай 86 шақырым жерге қонады деп күтілуде.
Ғарышкерлер Халықаралық ғарыш стансасында 2010 жылдың қазан айында барған болатын. 5 айға созылған экспедиция барысында олар бірнеше рет ашық ғарышқа шықты, 40-тан астам ғылыми тәжірибе жүргізді.