Сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығы Конституцияда сақталады – Никита Шаталов
АСТАНА. KAZINFORM – Конституцияға енгізілетін түзетулерде сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарды өткізу құқығы сақталатыны айтылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Никита Шаталов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, Қазақстан Конституциясының 18 және 32-баптарына енгізілетін редакциялық нақтылау тек формальді сипатқа ие және азаматтардың негізгі құқықтарына әсер етпейді.
– Бұл баптардағы шектеулер бұрыннан бар еді, қазір тек оларды нақтылап отырмыз. Жаңа тыйымдар енгізілмейді, тек қоғам үшін маңызды нормаларды түсінікті етіп, қате түсіндірілуіне жол бермеу мақсатында түзетіліп жатыр, – деді Никита Шаталов.
Оның сөзінше, ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың сөз бостандығы мен бейбіт жиналыс құқығын бұрынғы көлемінде сақтап, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайта түседі.
Айта кетейік, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның келесі отырысы 28 қаңтарда өтеді.