Сөз бостандығы ҚР Ата заңымен бекітілген негізгі құндылықтардың бірі - И.Рогов

Бұл туралы бүгін Алматыда «ҚР БАҚ туралы заңы және оның халықаралық талапқа сай болуы» тақырыбына арналған Жоғары сарапшылар кеңесінің отырысы барысында ҚР Конститутциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов айтты.
«Қоғамда идеалды ештеме жоқ. Адамның екі түрлі құқығын салыстырып, біреуін артық қоюға болмайды. Сондықтан коллизиялар мен бәсекелестіктен қаша алмаймыз. Мысалы, сөз бостандығы мен ұлттық қауіпсіздік деген түсініктерді алып қарасақ, бірде-бір мемлекетте бұлардың біреуіне артық басымдылық беріп отырған жоқ. Сөз бостандығы басқа бір адамның абыройы мен беделіне нсұқан келтіріп жатса, тым еркін болуы да мүмін емес»,- деді И.Рогов.
«Кез-келген ақпаратты беруге болады. Алайда бұл адамның абыройы мен атағына кір келтіретін, өтірікке толы болса тарату қажетсіз.Сондықтан бұл институттың қызметі барысында белгілі бір мөлшерде шектеулер болады. Алайда қоғам мен мемлекеттің және нақты адамның қызығушылықтарын қалай үйлестіруге болады, бұл ретте мұқият және ғылыми зерттеу керек»,- деді И.Рогов.