Созақ даласынан екі мың жыл бұрынғы қаңлы ғибадатханасы мен жәдігерлер табылды

археология
Фото: Мәдениет министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіште далалық зерттеу жұмыстарын аяқтады. 

қазба
Фото: Мәдениет министрлігі

Зерттеу объектісі Қызылкөл тарихи-мәдени нысанда орналасқан ғибадатхана және екі қорған болды. Нәтижесінде қаңлы мәдениетіне қатысты, б.з.д. ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды.

археология
Фото: Мәдениет министрлігі

Қазба жұмыстары кезінде ірі қара және ұсақ малдың сүйектері мен мүйіздері, тас дәнүккіш, келі, диірмен т.б. еңбек құралдарының бөліктері, қыш ыдыс тұтқалары, киімге арналған түйме фрагменттері алынды.

археология
Фото: Мәдениет министрлігі

Ғибадатхананың батыс бөлігінде ашылған бөлменің ішінде 60 см тереңдікте ғұрыптық бұйым (курильница) ыдысының кішкене бөлігі сақталған цилиндр пішінді, табаны жайпақ тұғыр табылды.

а
Фото: Мәдениет министрлігі

Ескерткіштің биік таулар мен көлдерге жақын орналасуы, ғибадатхананың ерекше құрылымы мен табылған жәдігерлердің түрлері құрылыстың ғұрыптық ғибадатхана ретінде пайдаланылғанын көрсетсе, тас құралдар егіншіліктің, атап айтқанда, егін жинаудың дамығанын көрсетеді.

археология
Фото: Мәдениет министрлігі

Орталық музей археологтары Қазақстанның көне тарихының жаңа парақтарын аша отырып, еліміздің әр өңіріндегі тарихи нысандарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. 

а
Фото: Мәдениет министрлігі
қазба
Фото: Мәдениет министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар
telegram