Созақта алғыс айту күніне орай 100 отбасыға тегін киімдер таратылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында Алғыс айту күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығы акция ұйымдастырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Созақта алғыс айту күніне орай 100 отбасыға тегін киімдер таратылды

Акция барысында аудан әкімі М. Исаев барша жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтап, әлеуметтік жағдайы төмен 20 жанұяға 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады. Акция аясында аз қамтамасыз етілген 100 отбасыға тегін 700 киім таратылып берілді.

Көп балалы ана Қалмырзаева Жеңіскүл: «Осындай игі істі ұйымдастырып отырған аудан басшылығына рахмет. Балаларымызға қажетті киімдерді алдық. Бұл акция жылда жалғасады деген үміттемін. Бәрі үшін рахмет», - деді.

Акцияға аудандық мекемелер мен кәсіпкерлер белсене қатысқанын атап өту керек. Мұндай игі шара Созақ ауданында былтырдан бері жалғасып келеді.