SpaceX коммерциялық зымыраны алғаш рет мұхиттағы тұғырға бүлінбей қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - SpaceX компаниясының көп рет пайдаланылатын Falcon 9 коммерциялық зымыраны алғаш рет мұхиттағы тұғырға бүлінбей қонды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Falcon 9 зымыранының бірінші бөлігін 20 мәртеге дейін қайтара қолдануды көздеп отырғандығын мәлім етті.
Зымыран жексенбі күні портқа жеткізілген соң, оны техникалық мамандар тексереді.
Маск болашақта зымыран бөлшектері біршама жаңғыртыла отырып, 100 мәртеге дейін қайтара қолдануға болатынын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, компания зымыранның бірінші бөлігін қайтара пайдалану коммерциялық ұшырылымның құнын арзандатады деп санайды. Бұған дейін осындай зымыран жерге оралғанда оны мұхиттағы тұғырға қондыру әрекеті 4 мәрте сәтсіз аяқталған болатын.