SpaceX орбитаға 49 интернет-спутник ұшырады

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - SpaceX компаниясы дүйсенбі күні орбитаға 49 шағын жерсерігін ұшырады. Мақсат – Starlink жүйесінің ғаламдық интернет-қамту желісінің орбиталық топтамасын толықтыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әзірлеуші компанияға сілтеме жасап.
None


Starlink ғарыш аппараттары бар Falcon 9 зымыран-тасығышы 30 қаңтарда Калифорниядағы Ванденберг ғарыш күштері базасынан ұшырылады.

SpaceX құрастырушылары бастапқыда ұшырылым жексенбі, 29 қаңтарға жоспарланғанын айтты. Бірақ компания ұшырылым алдында қосымша тексеру жүргізу үшін орбиталық миссияны бір күнге кейінге қалдырды.
Falcon 9 зымыран-тасығышы кеңжолақты интернетке қосылу үшін тағы 49 шағын жерсерікті қосу арқылы Starlink спутниктерінің партиясын Жер маңының төменгі орбитасына шығаруды жоспарлап отыр.

Жоспарға сәйкес, зымыран-тасығыш ұшырылғаннан кейін 8,5 минуттан соң Жерге оралады және Тынық мұхитындағы Калифорния жағалауында, базадан 655 шақырым жерде орналасқан ұшқышсыз ғарыш аппаратына тік қонуы қажет.
Дүйсенбі күнгі ұшыру SpaceX үшін биылғы жетінші және Starlink-тің осы жылғы үшінші миссиясы болмақ.
Құрастырушы компания қазірдің өзінде 3800-ге жуық Starlink интернет спутниктерін ұшырды. Олардың кейбіреулері жұмысын тоқтатты немесе орбитадан шығып кетті, шамамен 3,5 мың құрылғы ғарышта әлі де жұмыс істеп тұр.
Болашақта SpaceX осындай құрылғыдан тұратын 12 мың орбиталық топтама орналастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, компания болашақта тағы 30 мыңға жуық құрылғы орналастыруға өтінім берді.


Фото: teslarati.com


Соңғы жаңалықтар