SpaceX орбитаға кремацияланған адамдардың күлі салынған жерсерік ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - SpaceX әдетте орбитаға коммуникациялық жер серіктері мен ХҒА жабдықтарын жеткізумен айналысады. Бірақ биыл Falcon 9 зымыраны ерекше тапсырманы орындайды: ол арқылы ғарышқа 300 марқұмның сүйегінің күлі бар жерсерігі ұшырылады. Бұл туралы ғарышта ерекше жерлеу қызмет түрін көрсететін Elysium Space компаниясы хабарлады.
Қайтыс болған адамның отбасы 2 490 долларға шағын жер серігінде сыйымдылығы 1 литрге дейінгі және салмағы 1,33 келіден аспайтын 300 жәшіктің бірінен орынды брондай алады. Кейінірек Falcon 9 аталмыш шағын жерсерікті орбитаға жеткізеді және ол екі жыл бойы Жерді айналып жүреді. Марқұмның туыстары табыттың ұшу бағытын смартфондағы арнайы қосымша арқылы нақты уақыт бойынша бақылай алады. Жерсерік өзінің тапсырмасының соңында төмендеп, атмосфераға кіреді және әдемі болып жанып кетеді.
Жерсерікте әзірге 100 орын брондалған. Оның тұтынушылары миллиардерлер емес, түрлі соғыс ардагерлері, ғарыш ынтагерлері және т.б. Elysium Space болашақта 9 950 долларға мәйіттің бір шымшым топырағын Айға алып баруды жоспарлауда.
NASA ең алғашқы ғарышта жерлеу рәсімін 1992 жылы өткізген болатын. 1997 жылы кремацияланған 24 адамның күлі Пегас зымыраны арқылы аспанға ұшырылған еді. Олар аспанда 2002 жылға дейін жүріп, атмосфераға қайта кіретін кезде жанып кеткен болатын.