13:09, 04 Тамыз 2015 | GMT +5
«Спартак» ФК спорттық директоры болып Қ.Нағышпаев тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 45 жастағы Қайрат Нағышпаев семейлік «Спартак» футбол клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп жазады Sports.kz.

Қайрат Нағышпаев осыған дейін «Спартакта» TMS менеджері, кейін директордың орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар Қайрат Нағышпаев Қазақстанның жетекші футзал төрешілерінің бірі. 2013 жылы Қазақстанның үздік арбитрі атанған. Семей қаласындағы футбол федерациясында қызмет етеді.
Аталмыш клбутың бұрынғы спорт директоры Андрей Пинчуков бас бапкер Алексей Петрушиннің көмекшісі міндетін атқара бастады.