22:06, 08 Қараша 2013 | GMT +5
«Спартак» клубының жаттықтырушысы Николай Карпов қайтыс болды
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Мәскеуде хоккейші, «Спартак» клубының жаттықтырушысы Николай Карпов 83 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды mir24.tv.

Карпов аға жаттықтырушы ретінде Кеңес Одағы кезінде «Спартакты» екі рет чемпион атағына жеткізген. Ойыншы ретінде Карпов өзі де ЦДКА құрамында 1952 жылы чемпион атанған.
Николай Карповпен қоштасу 11 қараша күні сағат 12:00-де Боткин ауруханасында өтеді.