«Спартактың» жартылай қорғаушысы 50 000 долларға алтын телефон сатып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеулік «Спартактың» 23 жастағы жартылай қорғаушысы Квинси Промес белгілі брендтердің бірінің эксклюзивті телефон иегері атанды.
None
None

«Спартак» - «Динамо» кездесуінің соңғы секундтарында жеңіс голын (3:2) соққан Квинси Промес ойыннан кейін жуырда алынған алтын смартфонын көрсетті. Промес өзінің нөмірі «24 саны» мен Promes деп тегі жазылған сырты алтыннан жасалған телефонды таңдаған.

Алтын әріптер мен сөздер жазылып, сурет салынған эксклюзивті телефондарды жасаумен бірнеше фирма айналысады. Оның бағасы түсіне, асыл тастардың көлеміне және өрнегіне байланысты $50 000 - $130 000 аралығында.

Соңғы жаңалықтар