Спилберг Джулиан Ассанж туралы фильм түсірмек
АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Американдық танымал режиссер және продюсер Стивен Спилберг «Викиликс» сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжға арналған фильм түсірмек,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Осы мақсатта Спилберг Ассанж туралы екі кітапты экрандауға құқық алды. Дерек көздің ақпараты бойынша, фильм енді түсіріле бастайды.
Сценарийді кімнің жазатыны, кім режиссер болатыны және басты кейіпкердің роліне кімнің түсетіндігі әзірге анықталмаған.