Спиртке үйірлік семіздікке соқтырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алкогольді шамадан тыс ішу бауыр ауруларымен қатар, калориялық тамақтарды шамадан тыс пайдалануға соқтыруы мүмкін. Slimming World («Арықтау әлемі») ұйымының тапсырысымен зерттеу жүргізген ғалымдар осындай қорытындыға келді, деп хабарлады Росбалт.
None
None

2 мыңнан астам адаммен сауалдама жүргізген сарапшылар спиртке үйірлік пен көбірек тамақтанудың арасындағы заңдылықты анықтады. Тамақты көп ішуге алкогольдің әсерінен сауалдамаға қатысушылардың 50 пайыздан астамы ұшыраған болып шықты.

«Айталық, арақты көбірек сіміргеннен кейін алкогольға үйір адамдар 2 мың 829 калорияны әдеттегіден көп тұтынады екен. Бұл тамаққа қатысты. Шөл қысқаннан кейін ішілген сусын тағы 1 мың 476 калория қосады. Ішетін адам келесі күні таңертең орта есеппен тағы 2 мың 51 артық калория алады», деп хабарлайды MEDdaily . «Көп жағдайда бұдан кейін де екі литр сыра ішкен адам қимылдауға ерініп, теледидар алдында бас жазып жатқанды дұрыс көреді. Сайып келгенде, ғалымдар ішкіш адамдар аптасына 900 грамға дейін салмақ қосатынын есептеп шығарды. Ал бұл жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабетіне және қатерлі ісікке душар етуі мүмкін. Мұндай салдарлардың басты себебі - алкогольдің әсерімен ішетін адамдар өзін бақылаудан шығарып алады, деп санайды сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар
Референдум