Спиртті ішімдікті жиі ішу ишемиялық инсультке алып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спиртті ішімдіктерді жиі ішу инсульт ауруына шалдықтырады.
None
None

Мамандардың пікіріне сүйенсек, алкогольді апта ішінде екі реттен жиі ішу ер адамдарды инсульт ауруына алып келуі мүмкін.

Бұндай қорытындыға ғалымдар көп жылдар бойы 2 609 ер адамды бақылау барысында келді.

Жиырма жыл бойы зерттеу жүргізген Шығыс Финляндия университетінің қызметкерлері спиртті ішімдікті көп мөлшерде ішу ғана емес, жиі ішу де адам ағзасына кері әсерін тигізетіндігін анықтаған. Мамандардың пікіріне қарағанда, инсульт ауруына шамалап ішкен адам душар болса, ал көп мөлшерде ішу миға қан құйылуға алып келеді, деп жазады росбалт.

Соңғы жаңалықтар