Спорт агенттігі жасөспірімдер клубтарының қысқарып бара жатқанына алаңдаулы

Егер 2011 жылы аталған клубтардың саны 651 болса, 2012 жылы 626 ғана қалған. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов айтты.
«Мемлекет басшысының міндеттеріне сәйкес, агенттік дене шынықтыру және спорт саласының дамуына өңірлер бойынша талдау жүргізген болатын. Салаға жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, елде бұқаралық спортты дамытудың негізгі проблемасы қажетті спорт инфрақұрылымдарының жетіспеуі болып табылады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша республикада 33 мың 347 спорт ғимараттары бар. Оның ішінде 21 мың 450-і ауылдық жерлерде орналасқан. Соның ішінде дене шынықтыру спорт нысандарының саны 7 мың 26 болса, спорт мектептері - 1 083, ала білім беру мекемелерінің саны 24 мың 938-ді құрап отыр», дейді Е. Қожағапанов.