СПОРТ: Әлем Кубогінің 3-ші кезеңіне қатысатын шаңғышылар тізімі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғы жарыстарынан ҚР Ұлттық федерациясының баспасөз қызметі Давоста Әлем Кубогының үшінші кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлады sportnews.kz,
None
None

Айта кетерлік жайт, жарақатына байланысты Лиллехаммерде өткен екінші кезеңге қатыса алмаған Николай Чеботько команда сапына оралды. Лиллехаммерде 15 шақырым қашықтықта сәтті өнер көрсеткен Алексей Полторанинге Федерация Давоста да үлкен сенім артып отыр. Сайыстар 13-14 желтоқсан күндері өтеді. Алғашқы жарыс күні 10 (әйелдер) және 15 (ерлер) шақырымда классикалық жүріспен жекелей сайыс өткізілсе, екінші күні шаңғышылар еркін жүріспен спринттік бәсекеде сынға түседі. Команда құрамы: 1. Полторанин Алексей 2. Чеботько Николай 3. Малышев Сергей 4. Старостин Марк 5. Волотка Денис 6. Стоян Анна 7. Мандрика Ольга 8. Ланчакова Виктория 9. Матросова Марина

Соңғы жаңалықтар