СПОРТ: Геннадий Майк Тайсонның рекордын қайталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чепионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық Мартин Мюррейді жеңіп, аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсонның рекордын қайталады.
Мюррейден үстем түсіп, Головкиннің нокаутпен 19-шы рет жеңіске жетті. Мұндай нәтижені өзінің кәсіби мансабында америкалық Майк Тайсон көрсеткен болатын.
Еске сала кетсек, Геннадий Головкин Мартин Мюррейді 11-раундта нокаутпен жеңді. Геннадийдің осы маусымдағы алғашқы айқасы Монако қаласында өтті.