22:20, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
СПОРТ: Халықаралық бокс қауымдастығы қатарына 3 қазақстандық қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АІВА (Халықаралық бокс қауымдастығы) комиссиясы қатарына Қазақстанның тағы да үш өкілі енді деп хабарлайды kfb.kz. Бұл туралы sportnews.kz жазды.
Қазақстан бокс федерациясының үйлестірушісі Динара Болатбекқызы әйелдер комиссиясына мүшелікке өтті. «Астана арландары» клубының менеджері Серік Қасымов WSB жобасы бойынша комиссия қатарына енсе, спорттық медицина орталығының дәрігері Виктор Ким АІВА медициналық комиссиясының мүшесі атанды.