17:19, 24 Қазан 2015 | GMT +5
СПОРТ: К.Герасименко Варшавада үстел теннисі бойынша өткен әлемдік турнирде қола медальді жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Варшавада (Польша) үстел теннисі бойынша өткен «Gac Group 2015 ITTF World Tour» әлемдік турнирінде қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz.
21 жасқа дейінгі турнирде қазақстандық Кирилл Герасименко алты рет жеңіске жетіп, жартылай финалға шыққан болатын. Кириллдің 3:0 есебімен әлемнің 17-ші ракеткасы франциялық Антуан Ашарға қарсы ойыны (21 жасқа дейін) ерекше аталды. Сондай-ақ, ол Амири Ниа Соруш (Иран), Харимото Томоказу (Жапония), Оикава Мизуки (Жаония), Конрад Кулпа (Польша), Патрик Затовканы (Польша) жеңді. Кирилл жартылай финалда Сю Хан Ламадан (Гонконг) 2:3 есебімен ұтылып қалды.