СПОРТ: Қазақстан әлем бойынша 20 орында
АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылы көптеген олимпиадалық спорт түрлерінен әлемдік додалар өтті. Биылғы әлем чемпионаттары кезінде Қазақстан 13 медаль иеленіп, 20 орынға тұрақтады.
Өткен айда Қазақстан 1 күміс (дзю-додан Азамат Мұқанов) пен 2 қола (балуандар Екатерина Ларионова мен Нұрмұхан Тыналиев) 60 орында болатын. Боксшыларымыздың 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдесі мен ауыр атлеттер Алмас Өтешовтің күмісі мен Владимир Седовтың қоласынан кейін қырық саты жоғарылады. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.