Спорт комитетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша тағы екі адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарларына қатысты қылмыстық істі тергеу барасында парақорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімен тергеу барысында нысанның құрылысымен айналысқан ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің лауазымды тұлғасы және оның танысы ұсталды. Олар аталған қылмыстық істі тоқтату үшін кәсіпорындардың бірінің басшысын 40 млн теңге сомасында пара бергізуге азғырған.

Осы факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айында Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасарлары ұсталды.

Олар Риддер қаласындағы «Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резервтік мектеп-интернаты» РММ-нің 300 орынға арналаған оқу корпусы» құрылыс нысанын салу кезінде іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін мердігердің шотына 380,8 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аудару арқылы жымқырды деген күдікке ілінді.



Соңғы жаңалықтар