Спорт күні қарсаңында үздік мамандар марапатталды
АСТАНА. KAZINFORM – Спорт күні мерекесіне орай елордада дене шынықтыру мен спорт саласының үздік өкілдері марапатталды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Салтанатты жиында министр Ербол Мырзабосынов құттықтау сөз сөйлеп, спорт саласына үлес қосып жүрген жандардың еңбегіне тоқталды.
«Спорт – тек халықаралық аренадағы жетістіктер ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушылардың, мамандардың және осы саланы дамытуға үлес қосып жүрген барша азаматтың еңбегі. Дәл сіздердің кәсібилік пен жанқиярлықтың арқасында Қазақстан спорт державасы ретінде беделін нығайтып келеді», – деді министр.
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі табысталды:
-
Рүстем Қазиев – Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары;
-
Ангелина Лукас – кәсіпқой боксшы;
-
Айбат Сейтен – қазақ күресінен әйелдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы;
-
Богдан Весельский – Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы;
-
Қонысбек Түкенов – Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының грек-рим күресінен жастар құрамасының аға жаттықтырушысы;
-
Қарлығаш Балабекова – Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының құжаттамалық қамтамасыз ету инспекторы;
-
Олег Гриценко – «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының велотрек механигі.
«Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі иеленді:
-
Нұрлыбек Ермағанбетов – қол күресінен жаттықтырушы;
-
Мархабат Есімсейтова – Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының құжаттамалық қамтамасыз ету инспекторы;
-
Қадырбек Қабдулов – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжінің спорт әдіскері;
-
Гаухар Мамырбаева – Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының Астана қаласы филиалының спорттық медицина дәрігері.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Спорт күні жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Биыл мереке аясында елдің барлық өңірінде 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, негізгі назар спорт ардагерлерін ұлықтауға, балаларға арналған спорттық жарыстарға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталды.
Айта кетейік, спортшыларға арналған ай сайынғы төлемдердің бірыңғай жүйесі енгізілді.