Спорт күні журналистер арасында шағын футболдан жарыс өтпек
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Ертең "Астана Арена" стадионында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Спорт күніне байланысты шағын футболдан турнир өткізеді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Оған агенттіктің, республикалық "Сарыарқа" велотрегінің, Ұлттық штаттағы командалар және спорт резерві дирекциясының, Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың құрама командалары мен астаналық журналистердің "Көкжалдар" және "Арландар" командасы қатысады.
Журналистер құрама командаларының капитаны - «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Дастан Кенжалин. Турнир сағат 10.00-де басталады.