Спорт күйзелістен құтқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастардың 40 пайызға дейінгісі күйзеліске ұшырап, сары уайымнан зардап шегеді екен. Зерттеушілер мұндай көңіл күйден арылу үшін спортпен шұғылдану керектігін айтады. Мектепте спортпен айналысқан 12-17 жастағы жасөспірімдер кейін мектеп бітіргесін де күйзеліске басқалармен салыстырғанда әлдеқайда аз шалдығады екен. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Спорт күйзелістен құтқарады

Канадада осы мәселеге бойынша 10 мектепте арнайы сауалнама жүргізіліп, оған жоғарғы сыныптың 850 оқушысы қатысқан. Сауалнамада оқушылардың барлығынан мектепте спортпен қаншалықты жиі айналыстандықтары сұралады. Үш жылдан кейін сол оқушылардың дені қайтадан сол зерттеуге қатыстырылады. Олардың психологиялық ахуалдары мен денсаулықтары 1-ден 5-ке дейінгі бағалау тәсілімен тексеріліп, бағаланады. Нәтижесінде мектепте спортпен шұғылданғандардың барлығы 5 деген баллға лайық болып шыққан. Торонто университетінің зерттеушісі Кэтрин Сэбистон физикалық жаттығулар адам психологиясының жетілуіне де оң ықпал ететінін айтады.