17:41, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
СПОРТ: Лиллехаммерде Ә.Мұхамадиев күміс медальға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лиллехаммердегі жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында аралас командалық спринтте конькимен жүгірушілер сайысты, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл жарыста италиялық Ноэми Бонацца, Моңғолия өкілі Сумия Буянтогтох, кореялық Джа Вун Чун және қытайлық Ханян Шен жеңіске жетті.
Қазақстандық Әнуар Мұхамадиев және америкалық Остин Клиба, сонымен қатар, голландиялық Элиза Дуль және польшалық Каролина Гасечка күміс медальға ие болды.
Қола медаль италиялық спортшы Кьяре Кристелли, румыниялық Михаэле Хогаш, неміс Оле Йеске және Алан Даль Йоханссонға бұйырды.