16:02, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Спорт мектептерінде әйелдер футболы сыныбы ашылуы мүмкін
АЛМАТЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласының балалар мен жасөспірімдер лигасында әзірге ерлер командалары ғана қатысады.

Бұл жайлы қалалық футбол федерациясының бас хатшысы Владимир Ахунов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Атқару комитетінің таяудағы отырысында спорт мектептерінде әйелдер футболын ашу мәселесі қаралады. Балалар мен жасөспірімдер лигасында қазір аралас команда қою қиын боп тұр. Оған инфрақұрылым сәйкес келмейді», - дейді В. Ахунов. Оның айтуынша, әйелдер футболын дамыту мәселесі енді федерацияда арнайы қаралмақ. Оны тығырықтан шығару алдағы маусымда шешілуі мүмкін.