Спорт мерекесіне орай республикалық акция өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысумен спорт күні мерекесіне арналған республикалық акция өтеді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған іс-шара аясында фитнес нұсқаушылардың басшылығымен онлайн жаттығулар жүргізіледі. Осыған орай, арнайы телекөпір арқылы өңірлерде ұйымдастырылған жаттығулар тікелей эфирде көрсетіледі.
Республикалық акция спорттық және музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуімен аяқталады.