СПОРТ: ОҚО әкімі премьер-лиганың қола жүлдегерлерін қабылдады

АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Лига клубтарының екінші командалары арасындағы футбол турнирінде өнер көрсеткен «Ордабасы» ФК қосалқы футбол командасының жаттықтырушылары мен тәрбиленушілерін қабылдады. Турнирде қола жүлдегер атанғандарды әкім спортта жеткен үлкен жетістіктерімен құттықтады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қзыметінен хабарланды.
None
None

Кездесу барысында өңір басшысы соңғы жылдары өңірде бұқаралық спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып отырғанын, соның айғағы ретінде бірқатар спорттық кешендер салынғандығын атап өтті. Алдағы уақытта спорттық гимнастика және ескек есу мектептері іске қосылатынын жеткізді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында ел спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарда топ жарып, үздіктер қатарынан көрініп жатқандығына да әкім тоқталды. «Футбол додаларында да жерлестеріміз үлкен табыстарға жетіп отыр, облыстың бас командасының ізбасарлығына талантты жастар көптеп тартылуда. Осы жастарымыз алдағы уақытта биік табыстарға жетелейді деп үміттенемін»-деп тілек білдірді Асқар Исабекұлы жас спортшыларға. Облыс әкімімен болған кездесуде кәсіпқой футбол лигасының вице-президенті Е.Юмашев Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде спорттық аймақ болып қалыптасқандығын айттты. Ол сонымен қатар, жергілікті футбол командасының кәсіпқой команда болып қалыптасуына үлкен қолдау көрсетіп отырған облыс әкімдігіне кәсіпқой футбол лигасы атынан алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар