Спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерге талдау жүргізіліп жатыр – Антикор

спорт
Фото: Kazinform

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерге сыртқы талдау жүргізіп жатыр.  Бұл туралы аталған агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

«Талдау аясында Туризм және спорт министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жүргізілуде. Бұдан басқа, спорттық іс-шаралар мен жиындар, жабдықтар мен спорттық тағамды сатып алу, шетелдік іс-сапарларды ұйымдастыру, сыйақылар, спорт объектілерін салу, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстау бойынша бюджеттік және бюджеттен тыс қаржы көздері зерделенетін болады», - деді ол ведомствода өткен брифингіде.

Оның атап өтуінше, талдау агенттік, мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өткізіліп жатыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады. Егер жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратыңыз немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, онда оларды [email protected] электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз», - деді Арман Тілеукенов.

Соңғы жаңалықтар
telegram