СПОРТ: В.Зябкина Бейжіңдегі әлем чемпионатында жартылай финалға өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Виктория Зябкина 100 метр қашықтыққа жүгіруде Бейжіңдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлады БАҚ.
22 жастағы жеңіл атлет 11,24 секунд көрсеткішімен өз тобында үшінші орынға ие болды. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алды.
Бұл топта 11,07 секунд көрсеткішімен нигериялық спортшы Блессинг Окагбаре бірінші орыннан көрінді. Екінші болып мәреге ямайкалық Наташа Моррисон 11,08 көрсеткішімен жетті.
Тағы бір қазақстандық Ольга Сафронова 11,49 секунд уақытымен бесінші болып мәреге сызығын қиды.