СПОРТ: Зарина Дияс Чжен Сайсайға есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс жүлде қоры 500 мың долларды құрайтын Шэньчжэндегі (Қытай) WTA сериясы теннис турнирінің жартылай финалына өтпей қалды, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі.
None
None

Ширек финалдық матчта турнирдің төртінші ракеткасы, 21 жастағы Зарина Дияс ) 20 жастағы қытайлық теннисші Чжен Сайсаймен кездесті.

Қазақстандық теннисші Қытай өкілінен бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Ал екінші сетте іс тай-брейкке дейін жетіп, Қытай өкілі 7:2 есебімен басымдық танытты. Шешуші сәтте қытайлық 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Зарина Дияс - әлемнің 32-ші ракеткасы, ал Чжен Сайсай WTA рейтингісінде 97-ші орында екенін атап өткен жөн. Теннисшілердің жеке кездесулерінің нәтижесі бойынша 4:0 есебімен Қытай өкілі алда келеді.

Финалға шығу үшін қытайлық теннисші турнирдің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп пен сербиялық Александра Круничтің қай жеңгенімен кездеседі. Еске сала кетейік, осы турнирдің бірінші айналымында Зарина Дияс хорватиялық тенисші Донна Векичті 6:3, 6:1 есебімен жеңсе, екінші раундта Венгрия өкілі Тимея Бабошты 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірген болатын.

Соңғы жаңалықтар