09:10, 23 Ақпан 2018 | GMT +5
«Спортингтің» бапкері «Астананың» ойын өрнегіне қатысты пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Спортингтің» бас бапкері Жорже Жезуш Еуропа Лигасының 1/16 финалында «Астанамен» екі рет ойнағаннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Мақсатымызға қолжеткіздік - 1/8 финалға кірдік. Екі күн бұрын «Тонделомен» ойнадық, сондықтан жеті жаңа ойыншыны қойдым. «Астана» - аты жоқ, бірақ ойыны бар команда. Мен есеп 3:1 болғанда қатты абыржымадым, нәтижені қорғағым келген жоқ. Біздің кейбір ойыншыларымыз шаршады - олар көп ойнады. Бұл - футбол», - деді Жезуш.
Еске салайық, «Астана» Еуропа Лигасындағы ойынын аяқтады. Қазақстандық команда Лиссабондағы 1/16 жауаптық матчында португалдық «Спортингпен» тең түсті - 3:3.