Спорткар Ferrari $70 миллионға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1963 жылы шығарылған жарыс автомобилі Ferrari $70 милллионға сатылды. Бұл кез келген  кластағы  сатылған машиналардың ішіндегі ең жоғары тарихи баға, деп хабарлады америкалық CNBC телеарнасы.

Спорткар Ferrari  $70 миллионға сатылды

Бұдан бұрынғы рекорд 2013 жылы орнатылған. Ол да 1963 жылы шығарылған өзге Ferrari болатын, оны $52 милионға сатып алған,  деп мәлім етті коллекциялық спорткарлар төңірегіндегі эксперт Марсель Массини.

Италиялық Ferrari компаниясы  1962-1964 жылдары осындай 36 жарыс автомобилін шығарған еді.

Бір қызығы, осындай маркалы автомобильдердің бірде-біреуі апатқа ұшырамаған.