Спортпен шұғылдану есте сақтау қабілетін жақсартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар спортпен тұрақты түрде шұғылдану тек дене бітімін жақсартып қана қоймай, сонымен бірге жүрек қызметіне де, ми қызметіне де оң әсер ететінін дәлелдеді.
None
None

Зерттеушілер тобы спортпен шұғылданған кезде бұлшық еттерде ерекше белсенді бөлінетін FNDC5 ақуызының жұмысын зерделеді. Тышқандарға тәжірибе жүргізген мамандар бұл ақуыз бұлшық етте ғана емес, мида да бар екенін тапты, деп жазады шетелдік БАҚ.

Одан әрі зерттеу барысында тышқандар күнде кешке 5 шақырымға дейін жүгірген. Бір айдан соң олардың көрсеткіштері дене қимылынсыз өмір сүретін тышқандармен салыстырылды. Жүгірген тышқандарға қарағанда, жаттықпаған тышқандардың білім мен есте сақтау қабілетіне жауап беретін ми бөлігінде FNDC5 ақуызы шамалы ғана болған. Тиісінше, «спортшы» тышқандарда мидың тиісті бөлігін ынталандыратын ақуыз мөлшері жоғары болған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум