Спортшының үстіне футбол қақпасы құлап, мерт қылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 жастағы жігіттің үстіне футбол қақпасы құлап, қаза тапты.
Келеңсіз оқиға Братск қаласында теннис федерациясының спорт залында болған, деп жазады «Комсомольская правда». Жергілікті әуесқой командалардың арасындағы шағын футбол матчынан кейін спортшылардың бірі қақпа маңдайшасына тартылмаққа әрекеттенді.
Қақпадағы бұрандалар босап тұрған. Спортшы жоғары секіріп, ұстаған сәтте ол футболшының үстіне құлаған. Жас жігітке жедел жәрдем шақырған, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.