Спорттан уақытша шеттетілген Альварес реваншқа дайындалып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілгеніне қарамастан, Головкинмен реваншқа дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорттан уақытша шеттетілген Альварес реваншқа дайындалып жатыр

«Канело» оқу-жаттығу жекпе-жегі (спарринг - авт.) туралы видеосын Instagram парақшасында жариялады.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді. 

Наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.

Головкин мен Альварестің реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған.

Sparring day 👊🏻

Публикация от Saul Alvarez (@canelo) 27 Мар 2018 в 4:51 PDT