Спорттық гимнастика: Милад Карими әлем кубогінде чемпион атанды
БІШКЕК. KAZINFORM – Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. Оның бірі – алтын, екіншісі – қола жүлде.
Алтын медалді еркін жаттығудан ұлттық құраманың үздігі Милад Карими жеңіп алды.
Ал қола жүлдені ел қоржынына Дмитрий Патанин сыйлады.
Аталған сында күміс жүлдені ұлыбританиялық Люк Уайтхаус иеленді.
1-орын - Милад Карими (Қазақстан) – 14.766 ұпай
2-орын - Люк Уайтхаус (Ұлыбритания) – 14.566
3-орын - Дмитрий Патанин (Қазақстан) – 14.500
Айта кетелік, Милад іріктеу кезеңінде де еркін жаттығудан көш бастаған болатын. Ертең Карими тағы екі финалда өнер көрсетеді.
Дохадағы әлем кубогі кезеңінде ел намысын қорғап жатқан спортшылар:
- Милад Карими;
- Дмитрий Патанин;
- Диас Тойшыбек;
- Нариман Курбанов;
- Аида Бауыржанова;
- Дарья Ясинская.
Аталған турнир 17 сәуір күні басталған болатын. Ертең, яғни 20 сәуір күні мәресіне жетеді.