23:48, 31 Шілде 2024 | GMT +5
Спорттық гимнастика: Милад Карими финалдық кезеңде 24-орын алды
ПАРИЖ. KAZINFORM – Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы жүлдегерлер анықталды.

Аталған сында Милад Карими 76.065 ұпай жинап, 24-орынға қол жеткізді.
Шығыршық – 12.933 балл
Тіреніп секіру – 14.400 балл
Қос сырық – 14.066 балл
Керме – 12.700 балл
Еркін жаттығу – 13.433 балл
Ат снаряды – 8.533 балл
Милад бірнеше күн бұрын көпсайыстан іріктеуде 82.065 ұпаймен (18-орын) ақтық сынға шыққан.
Айта кетейік, жекелеген сындағы көпсайыстың финалында 24 гимнаст сынға түсті. Алтын Синносукэ Оканың (Жапония) еншісінде кетті. Күміс Джан Боен (Қытай), қола Сяо Жотенге (Қытай) бұйырды.
Енді Милад 2 тамызда еркін жаттығудың финалында жүлдеге таласады. Отандасымыз іріктеуде 14.433 ұпайдың арқасында үздік сегіздікке кірген.