Спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды
АСТАНА.KAZINFORM - 12 наурызда Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталады.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының алты спортшысы бақ сынайды. ҚР ҰОК мәліметінше, құрама сапына Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Роман Маменов, Нұртан Ыдырысов, Амели Мукушева және Амина Халимарден енді.
Турнир 15 наурызда аяқталады.
Еске салайық, бұған дейін Әзірбайжанның Баку қаласында өткен алдыңғы кезеңде Қазақстан құрамасы екі жүлде жеңіп алған еді. Милад Карими еркін және кермедегі жаттығуда екінші орын алды.
Айта кетейік, 2026 жылы Астанада таеквондодан үш халықаралық турнир өтеді.
Алкмар қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.