Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңіне Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық гимнастика федерациясы (World Gymnastics) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін Challenge Cup кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады. 

Спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңіне Қазақстан құрамасынан кімдер қатысады
Фото: ҰОК

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:

– Алтынхан Темірбек (еркін жаттығу, қол тіреп секіру, сақина, керме және ат снарядындағы жаттығулар);

– Әлішер Тойбазаров (еркін жаттығу, сақина және қоссырықтағы жаттығулар);

– Дияс Тойшыбек (ат снаряды мен кермедегі жаттығулар);

– Фарух Набиев (қол тіреп секіру және қоссырықтағы жаттығулар);

– Амина Халимарден (еркін жаттығу, қол тіреп секіру және әртүрлі биіктіктегі қоссырықтардағы жаттығулар);

– Дарья Ясинская (қол тіреп секіру, гимнастикалық бөрене және еркін жаттығу);

– Эвелина Ежова (әртүрлі биіктіктегі қоссырықтар мен гимнастикалық бөренедегі жаттығулар).

Айта кетейік, жарыс 21-24 мамыр аралығында өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық гимнастар Варнадағы Challenge Cup кезеңінде үздік бестікке енді.