Спорттық шаралардың аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Туризм және спорт министрлігі 25 қараша мен 1 желтоқсан аралығындағы спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.

календарь күнтізбе
Фото: Pixabay.com

22-30 қараша – Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир Қазақстанның 2 спортшысы сынға түседі.

Өтетін орны: Колумбия, Кали қаласы.

22-30 қараша – Үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты Жаһандық додада ел намысын Алан Құрманғалиев қорғайды.

Өтетін орны: Швеция, Хельсинборг қаласы.

24-26 қараша – Қазақ күресінен Әлем кубогі Жарысқа әлемнің 9 елінен 100-ге жуық палуан қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 40 спортшы белдеседі.

Өтетін орны: Түркістан облысы.

25 қараша – Баскетболдан Азия кубогінің іріктеу турнирі Қазақстан құрамасы сырт алаңда Үндістан баскетболшыларымен ойнайды.

Өтетін орны: Үндістан, Ченнаи қаласы.

28-30 қараша – Қазақ күресінен республикалық турнир Турнирге еліміздің барлық өңірінен 200 спортшы қатысады. Өтетін орны: Семей қаласы. 28 қараша мен 1 желтоқсан – Белбеу күресінен ҚР кубогі Жарыста 18 өңірден 270 спортшы бақ сынайды.

Өтетін орны: Атырау қаласы.

 29 қараша мен 11 желтоқсан – Бокстан Азия чемпионаты Сары құрлық додасында ұлттық құраманың 13 боксшысы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Таиланд, Чиангмай қаласы.