Спорттық арбитраж ресейлік жеңіл атлеттердің Олимпиададан шеттетілгенін растады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық арбитражды сот (СAS) Лозаннада Ресей Олимпиада комитетінің Жеңіл атлетика федерациясының халықаралық қауымдастығына (IAAF) қатысты шағымын қанағаттандырмады. Онда Ресей жеңіл атлеттердің Олимпиададан шеттетілуіне наразылық білдірген, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.
Осылайша ресейлік жеңіл атлеттер биыл Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына бара алмайтын болды.
Сот хабарламасында айтылғандай, Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат беруді сұраған 68 ресейлік спортшының шағымы қанағаттандырылмады.
Сот IAAF шешімі күшке ие екенін растады.