Спорттық гимнастика шебері Нариман Құрбанов әлем кубогінде «күміс» алды

None
None
ДОХА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Нариман Құрбанов Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, бұл күндері Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогінің кезекті кезеңі өтіп жатыр.
Отандық атлет аттағы жаттығу бойынша сәтті өнер көрсетті. Нәтижесінде, финалда 15.066 ұпай еншілеп, күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетерлігі, Милад Карими еркін жаттығуда бесінші, ал Ильяс Азизов сегізінші болды.


Соңғы жаңалықтар