Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстандық Әлем чемпионатының финалына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияның Хатиодзи қаласында спорттық құзға өрмелеуден Әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спорттық құзға өрмелеу: Қазақстандық Әлем чемпионатының финалына өтті

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, қазақстандық Ришат Хайбуллин көпсайыста финалға жолдама алды.

Көпсайыстан (жылдамдық+қиындық) финалға сегіз спортшы ғана қатыса алады. Хайбуллин алтыншы орынмен ақтық сынға өтті. Әзірге бірінші орында Германия, екінші орында Австрия, үшінші сатыда Жапония спортшылары тұр.